Орал қаласында құбыр шахтасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, оқиға 11 ақпан күні Н. Назарбаев даңғылы, 235-үй маңында болған.
«Сағат 10.16-да «Нан зауыты» аялдамасының артқы жағында жылу құбырының шахтасынан 1978 жылғы ер адамның мүрдесі шығарылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұм соңғы кезде қаңғыбастыққа салынған. Сараптама тағайындалды, нәтижесіне сәйкес қаралады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Б. Нұрғожин.