11.02.2023, 22:30

Алматыда жер сілкінді

Фото: unsplash
Энергетикалық класы – 8.3.

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 17:05-те жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 128 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 8.3. MPV магнитудасы – 3.8. Эпицентр координаттары – 42.12° с.е., 76.37° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.