$ 481.84  531.33  5.07

Иманғали Тасмағамбетов Александр Лукашенкомен кездесті

Кездесуде Беларусь Президенті ҰҚШҰ айнасында жұмылуға шақырды, өйткені "қауіп-қатерлер жеткілікті".
Фото:  president.gov.by
Фото: president.gov.by

Минскіде 2023 жылы 13 ақпанда Беларусь Президенті Александр Лукашенконың Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Беларусь Президенті ҰҚШҰ айнасында жұмылуға шақырды, өйткені "қауіп-қатерлер жеткілікті".

"Біз бағдарламаға төрағалық жайын жазуды тәуекел еттік, бізде бар осы мәселелерді шешуге тырысу үшін. Әсіресе, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің шекаралары бойында. Сіздің тәжірибеңізді бекер еске салып отырғаным жоқ. Есте сақтау қабілетіңіз керемет. Кавказды да, Орталық Азияны да жақсы білесіз. Сол араларда бізде проблемалар бар. Осы қиын-қыстау кезеңде оны шешуге және мүмкіндігінше Ұжымдық қауіпсіздік шартын ұйымын оған жұмылдыруға тырысып көрейік. Периметр бойынша не болып жатқанын көріп отырсыз ғой", - деді Александр Лукашенко.

Беларусь Президенті ҰҚШҰ-ның барлық мүшесі бірігіп, бірге әрекет етуі керек екенін баса атап өтті, сондай жағдайда бәрі оңай әрі ыңғайлы.

"Егер біреу Украина мен Ресейдің қақтығысы біздің шиеленіс емес, бізге қатысы жоқ деп ойласа, онда әрірек тыныш отыра тұрсын, мүлде олай емес, олай болмайды да. Уақыт та келіп жетеді (оның ауылы алыс емес, ертең-ақ), белгілі бір позицияны иеленуді талап ететін сәтті айтамын. Ұлттық мүддеге және тағысын тағыға зиян келтіре отырып дегенді айтпаймын. Бірақ барлық одақтастарымызға өз кемшіліктерімізді қаблдай отырып, бірге әрекет ету үшін өз саясатымызды нақты анықтауымыз керек. Бірге болу әрқашан оңай әрі ыңғайлы", - деді Александр Лукашенко.

Ол бұл арада мемлекеттерді өзінің ұлттық мүдделеріне қайшы әрекет етуге ешкім итермелемейтінін баса атап өтті.

"Бірақ бір ымыраға келуіміз керек. ҰҚШҰ-да көптен бері бірміз, біртұтас ұйым ретінде әрекет етіп келеміз. Менің ойымша, осы бір қиын кезеңнен бірге өтіп кету керек, ол мұндағы әрбір мемлекет үшін қажет және ықтимал қағидаттар төңірегіне біріктіріп, біздің ұйымды одан сайын нығайта түсуі мүмкін. Осыны бірге ойланайып көрейік", - деді Александр Лукашенко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары