Белгілі қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO-ның бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды boxrec.com.
Отандық спортшының қарсыласы - мексикалық Алехандро Менесес. Кездесу 21 наурызда Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
Айқас барысында Алехандро Менесеске тиесілі бірінші жартылай орта салмақтағы IBO (Халықаралық бокс ұйымы) титулы сарапқа салынбақ. Жекпе-жек 12 раундтан тұрады.