$ 443.44  480.51  4.88

Ыстанбұлда жарылыс жасаған террористің көзі жойылды

Шабуылдан кейін YPG басшылары Халил Менджиді Сирия аумағында жасырып, қорғауға тырысты.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның ұлттық барлау ұйымы (MIT) Сирияның солтүстігінде YPG ұйымы террорисінің көзін жою үшін операция өткізді. Халил Менджи Ыстанбұлдағы Истиклял көшесінде террорлық шабуылды жоспарлап, белсенді қатысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

2022 жылғы 13 қарашада Ыстанбұлдың Таксим ауданында болған жарылыстан алты адам қаза тауып, 81 адам жарақат алған еді.

Түркия барлау агенттіктерінің хабарлауынша, Менджи екі адамын - Ахлам Албасхир Салех пен Біләл Хасанды лаңкестік әрекет жасауға жолдаған. Соңғысы тіпті оның көмегімен шетелге қашып үлгерген.

Шабуылдан кейін YPG басшылары Халил Менджиді Сирия аумағында жасырып, қорғауға тырысты.

MIT мәліметінше, Халил Менджи 2023 жылдың 22 ақпанында Қамысты ауданында өлтірілген.

АҚШ пен Еуропалық Одақ YPG бір тармағы саналатын PKK-ны (Partiya Karkerên Kurdistan) террористік ұйымдардың тізіміне енгізді.

Анкара осы жағдайды оңтайлы шешу жолдарын табуға тырысқанымен террористік ұйым 2015 жылдың шілдесінде қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Соңғы жылдары PKK аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына артуға тырысып жүр.

Сирияда PKK лаңкестері PYD және YPG атауларымен белгілі. Соңғы екі жылда өздерін «сириялық демократиялық күштер» деп атай бастады.

Иранда PKK «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) деп аталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары