Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Stan.kz.
Қылмыстық істің қозғалғанын арнаға Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеров айтып берді. "Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - деді ол. Депутат Гүлмира Кәрімова қайтыс болғаннан кейін-ақ парламент алдын ала себеп анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасаған болатын. Анафилактикалық шок - дененің бір екпеге немесе тамаққа аллергиясы. Бірақ кейінірек денсаулық сақтау басқармасынан өлімнің инфаркттан болғаны туралы жаңа ресми мәлімдеме жасады.