Ертең Лас-Вегаста өтетін UFC 285 турнирінің алдында октагонға шығатын қазақстандық Шавкат Рахмонов пен оның қарсыласы америкалық Джефф Нилдің соңғы салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәлім болғандай, Ш. Рахмоновтың қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті. Атап айтқанда, таразыға тұрған отандасымыздың салмағы 77,56 келі, ал америкалықтың салмағы 79,37 келі болды.
Бұл ретте UFC Джефф Нилдің салмағы межеден асып түскеніне қарамастан жекпе-жек өтетінін ресми мәлімдеді, себебі Шавкат Рахмонов бас тартпаған. Алайда, америкалық спортшы гонарарының 30 пайызын Шавкат Рахмоновқа береді.
Еске салайық, кеше Шавкат Рахмонов баспасөз конференциясын өткізіп, негізгі жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз түйістірді.