$ 444.14  477.05  4.85

«Жыл жекпе-жегі»: Шавхат Рахмонов рекордтық сомада гонорар алатын болды

Рахмоновқа бұл жекпе-жектен түсетін гонорардың жалпы сомасы 161 500 долларды құрайды.
Фото:  twitter/UFCNews
Фото: twitter/UFCNews

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жер жастандырғаны үшін рекордтық көлемде гонорар алатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рахмоновқа бұл жекпе-жектен түсетін гонорардың жалпы сомасы 161 500 долларды құрайды (30 000 — кепіл бәс, 6 000 — демеушілік бонус, 25 500 — Нилден түсетін 30%, 100 000 - "Кештің ең мықты жекпе-жегі" үшін екі еселенген бонус), деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетсек, Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді тұншықтыру әдісіне түсіріп, кәсіби мансабында он жетінші жеңісіне қол жеткізді (бес рет — UFC). UFC комментаторлары трансляция кезінде бұл жекпе-жекті бірнеше рет "Жыл жекпе-жегі" деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары