$ 494.87  520.65  4.91

«Қазіргі су тасқыны кезіндегі жұмыстар – мемлекеттік деңгейдегі асар» – Рүстем Есімханұлы

Қазір, еріктілердің әрекет ету жүйесі пайда болған. Анық көрініп тұр. Сондықтан қазір кім-көрінген ақша жинағыштарға аударуды тоқтату керек. Бергің келсе арнайы қорларға аудар. Ол жақта тым құрығанда есебі болады. Әрі, резеңке етік керек жерге азық-түлік сатып алып жүрмейді.

Фото: facebook.com/Рүстем Есімханұлы Ашетаев
Фото: facebook.com/Рүстем Есімханұлы Ашетаев

Қоғам белсендісі Рүстем Есімханұлы қазіргі су тасқыны кезінде елімізде атқарылып жатқан шаралар туралы пікір білдірді. Оның пайымдауынша, ел болып су тасқынымен күресуді мемлекеттік деңгейдегі асар деуге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Су тасқынының ең үлкен шыңын(пигін) екі облыс күтіп отыр. Өзге аймақтарда су деңгейінің төмендеп жатқаны айтылуда. Бұл тасқынмен күреске барлық күштер жұмылдырылып жатқанымен, апаттың деңгейі әл бермей жатқанын да көріп отырмыз. Осы жолғы аппатта жаңа институт – «Еріктілер институтының» қалыптасып үлгергендігі байқалады. Жүйелілік қалыптасқан. Ортақ қор, атқарушы билікпен бірлесе жұмыс істеу, ашық есеп т.б. Бұған дейін әр белсенді азаматтар өздері қаржы жинап, өздері жарататын. Есебін ешқайсысы бермейтін. Атқарушы билікпен байланысы болмағандықтан, азық-түлігі көп жерге азық-түлік апарып, дәрі-дәрмек керек жерге киім-кешек апарып та жүретін.

Қазір, еріктілердің әрекет ету жүйесі пайда болған. Анық көрініп тұр. Сондықтан қазір кім-көрінген ақша жинағыштарға аударуды тоқтату керек. Бергің келсе арнайы қорларға аудар. Ол жақта тым құрығанда есебі болады. Әрі, резеңке етік керек жерге азық-түлік сатып алып жүрмейді.

Тағы бір байқалатын өзгеріс ақпарат саласында болып тұр. Қазір сағат сайын арнайы брифингте нақты ресми ақпаратты таратып жатыр.

Блогер деген «лақап есім» иегерінің де риторикасында өзгерістер байқалады. Тек негатив таратып өз аудиториясының «өзі құлына» айналып кеткендеріне әзірге «ем жоқ шығар». Бірақ, аз лайк жинаса да шынайы ақпаратты таратындардың да қатары көбеюде. Осындай атқарылып жатқан жұмыстар мен еріктілердің жанкешті әрекетін , билік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетіп шынайы ақпарат таратудан қорқудың қажеті жоқ», - деп жазды ол.

Сонымен қатар қоғам белсендісі қиын кезде түк бітірмей, тек диванда жатып алып сын айтқыштарды сөз етті.

«Барын бардай етіп айтып үйрену керек. Ол үшін «диван батырларының» талауына қаламын деп қорқатын заман өткен. Мысалы, бір ағамыздың әйелі екеуі «қос аққудай жүрміз» деген позитив видеосын көріп риза болдым. Қазіргі алдын алу мен құтқару жұмыстарын – Мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан АСАР деп түсінген жөн. Асар кезінде қолдан келсе асарлату керек. Қолыңнан келмесе тек негатив таратып аласапыран болудың қажеті шамалы. Асар деген ұғымды асарға барып көргендер түсінеді деп ойлаймын», - деп ол ойын қорытындылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары