$ 494.87  520.65  4.91

«Астанаға ана тілінде сөйлемейтін өңшең арсыз, намыссыз қазақтар жиналады» – депутат Абзал Құспан (ВИДЕО)

Дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін!

Фото: ҚР Мәжілісі
Фото: ҚР Мәжілісі

ҚР Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан Астанадағы қазақ азаматтарының өз тіліне деген құрметсіздігін айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутат әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада тұратын қазақтардың орыс тілінде сөйлейтінін айтып, видео жариялады. Ұлттық тәрбие мен тәлімнен жұрдай болған қазақтарды айыптады. Тіпті оларды «арсыз, намыссыз қазақтарға» балап, ашық та батыл ұстанымын білдірді.

«Алатау паркінде жүрмін. Мұндай жүрген қазақтардың 99 пайызы десем қателеспейтін шығармын орысша сөйлейді. Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білем, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін! Негізі маған мұндай жерде жүрмеу керек екен. Жүйкеге салмақ түсіреді», - деді Абзал Құспан.

Қазір автордың видеосы желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары мұндай құбылысты «мәңгүрттікке» балап, тіл саясатының дұрыс жүргізілмей отырғанын, туған тілді талап етуге келгенде заңның солқылдақ екенін жаза жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 68
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары