$ 494.87  520.65  4.91

«Көп еркекпен жақындасқан әйел инфекция таратады»: Полиция блогердің даулы пікіріне қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Астана полиция департаментінің жауабында блогерді жазалауға ешқандай себеп жоқ екені айтылған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Жуырда блогер әрі журналист Жанәділ Райымбековтың жыныстық инфекцияның таралуы туралы пікірі қоғамда дау тудырған болатын. Осыған байланысты полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін блогер әлеуметтік желідегі подкасттардың бірінде әйел адам бірнеше еркекпен қосылса, міндетті түрде инфекция пайда болатынын айтта. Ал көп әйелі бар еркек өз әйелдерімен қосылса, ол инфекция таратпайтынын айтып қалған еді.

Оның бұл пікірі әлеуметік желіні біраз шулатты. Желі қолданушылары оған қарсы шығып, блогердің жалған ақпарат таратып отырған ынайтып, наразылық білдірген.

Оқи отырыңыз: «Жыныстық инфекцияны тек әйелдер таратады»: Журналистің пікірі желіде наразылық тудырды (ВИДЕО)

«Byzyq» телеграм арнасы Ішкі істер министрлігіне блогердің сөздері «көрінеу жалған ақпарат тарату» санатына жататынын айтып, сауал жолдаған. 

Астана полиция департаментінің жауабында блогерді жазалауға ешқандай себеп жоқ екені айтылған. Полицияның мәліметінше, ол ғылыми зерттеулерге сілтеме жасағанымен,  өз көзқарасы мен сенімі бойынша субъективті пікірін білдірген. Сондықтан «көрінеу жалған ақпарат таратудың» белгілері жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары