Қыз емеуірін танытып, қалауын білдірген соң жақындастық.
Америкада 9 жыл тұрып келген қаржылық сауаттылыққа үйрететін танымал трейдер әрі блогер Думан Ерқанат «қыз зорлады» деген жалған айыппен түрмеде 7 ай отырып шыққанын, ал қазір ақталғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2023 жылы 13 қыркүйекте қаржы сауатын үйрететін блогер «қыз зорлады» деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол шешіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданған еді.
Оқиға әрі қарай қалай жалғасқанын, жалпы қалай басталғанын трейдер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Сондай-ақ ол оқырмандарынан қолдау күтетінін жазды.
Жазбасында арыз түсірген Арайлым Төрегелдінің оны «100 миллион төле немесе 7 жылға түрмеде отырасың, сотта ағаларым бар» деп бопсалағанын да келтірді.
Кеш жарық, менің оқырмандарым. Сіздермен соңғы рет 7 ай бұрын сөйлестік. Одан кейін өмірім күрт өзгерді. Бүгін оқиғаны баяндап беруді жөн көрдім. Және әрбір адам менің жағдайымнан сабақ алып, ой түйсе деймін.
Көбіңіз білесіз, Мен Америкадан ЖОО, магистратура (MBA) оқып, 9 жылдан кейін елге келгенімді, қаржы саласында трейдер екенімді бұған дейін де айтқамын. Сіздермен мені байланыстыратын да осы сала. Кейбіріңіз трейдинг бойынша сұрақтарыңызбен шығып, талайыңызға жауап бердім. Бұл менің нан тауып отырған кәсібім болғандықтан ақылы да, ақысыз да кеңесімді бөліскен сәттерім көп. Хош, сонымен оқиға былай болды. Трейдинг саласына қатысты сұрақтармен Төрегелді Арайлым Бауыржанқызы деген әйел хат жазып жүрді. Бастапқыда күдіктенбедім де, еш арам ойым болған жоқ.
Сондай кезекті хат Арайлымнан 2022 жылдың 4 желтоксан күнісағат 22:30 шамасында келді. Сөйлесіп отырып, не істеп жатқанымды сұрады. Мен үйде жалғыз фильм көріп жатқанымды айттым. Ол бірге көргісі келетінін тұспалдады. Мен қарсы болғам жоқ. Осылай жарты сағатта өз көлігімен үйіме келді. Бұл кезде сағат 22.50 шамасы болатын. Бірге фильм қарадық. Әңгімелестік. Сонымен, қыз емеуірін танытып, қалауын білдірген соң жақындастық. Шалыс баспайтын адам болмайды ғой.
Жасы 30 шамасындағы тек брендтен киінген , қымбат көлік мінген әйелге керегі төсек шығар деп ойладым. Мен оны зорлайтындай оған мұқтаждық жоқ еді. Қысқасы, қыздың көңілін қайтарғым келген жоқ. Сәлден соң Арайлым қарыным ашты деп назданады. Екеміз бірге тамаққа тапсырыс бердік. Бір сағаттан соң курьер келді. Бірге тамақтандық.
Жобамен түнгі 01.30 шамасында Арайлым Төрегелдіні көлігіне дейін шығарып салып, алаңсыз ұйқыға жаттым. Арада екі сағат өткенде үстімнен арыз түскенін естідім. Арайлым Төрегелді зорландым деп арыз жазған. Мен қыздан мұнысы жала екенін айтып, не керегін сұрадым.
Ол менен 100 млн теңге талап етті. «7 жыл өмірің менің қолымда. Билікте де, сотта да ағаларым бар, бәрін шеше аламын», деп өктем сөйледі. Бастапқыда мен оның далбасасына мән бергем жоқ. Тиісінше сот да қылмыстық іс анықталмағанын алға тартып іс жабылды. Алайда, екі айдан соң мені қамауға алды.
Сот процесі 7 айға созылды. Әр сот Арайлым Төрегелдінің арнайы жоспарымен аяқсыз қалып, созыла берді. Сұрақтарға жауап бере алмаған, дәлелдей алмаған жағдайда жындының роліне кіріп, бірде жылап, бірде ауырып сотты кейінге қалдырып отырды. Бұл осылай созыла беретінін түсінген болса керек, жаңа айлаға көшті. Коммерциялық сайттар арқылы менің құқығымды өрескел бұзды. Өзіне арнайы гримм жасап, блюр қойып, есімін өзгертуді ескерсе де менің аты-жөнімді ашық жазып, түр-тұлғаммен жариялатты.
Сот қылмысты дәлелдегенге дейін сайттар меніАрайлым Төрегелдіні зорлады деп ашық айыптайды. Еш дәлел-дәйексіз жала үстінен жабылған жаланы «Не молчи» , т.б шығарып отырды.
Қандай жағдай болмасын барлық факт, айғақтарды ескеріп Алматы қалалық соты мені толығымен ақтап шықты. Ендігі кезекте Арайлым Төрегелді жоғарғы сотқа апелляциға өтініш беріпті. Әдетінше, коммерциялық сайттар арқылы бопсалауды жалғастыруда. Мен алдағы уақытта да әділдік жеңетініне, әділ сот үкіміне үміт артамын.
Және жасамаған қылмысты мойныма алмаймын, басқа салған тағдырға көніп, соңына дейін принципті түрде күресемін деп шештім. Қарсы арыз түсіремін. Бұған дейін үнсіз қалсам, енді Ата заңда көрсетілген құқығым мен мүмкіндіктерімді пайдаланып, ашық күресуге бел будым. Ер азаматтарға осындай паразиттерден сақ болыңдар деп үндеу тастаймын. Қоғамнан қолдау күтемін, - деп жариялады ол.