$ 446.49  475.38  4.79

Қостанайдағы 45 бала уланған лагерьден патогендік бактериялар табылды

Жаппай улану фактісі тіркелген «Мерей» балалар лагерінде мамандар жүргізген сараптама қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы Азамат Қамшымбаевтың хабарлауынша, алғашқы сараптама нәтижелері лагерьде тазалықтың сақталмағанын көрсеткен: онда патогендік бактериялардың түрлері, соның ішінде, стафилококк пен ішек таяқшасы табылды.

«Су мен ас үйдегі шайылған судан және аспаздардың қолынан ауру тудыратын микроағзалар табылған. Ішек таяқшасы балалар тамағына арналған кейбір азық-түліктен, сонымен бірге, судан табылған. Асхана қызметкерлерінің азық-түліктің тәуліктік сынамасын сақтамағаннан кейін, балалардың неден уланғанын анықтау мүмкін болмады», делінген таратылған мәліметте.

Осыған дейін Қостанайдағы «Мерей» демалыс лагерінде 45 баланың уланғаны хабарланған болатын, олардың төртеуі гастроэнтероколит диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары