$ 498.34  519.72  4.85

Астанада жыл басынан бері мүгедектерге 88 көшпелі қызмет көрсетілді

Астанада жыл басынан бері ХҚКО мобильдік тобы мүмкіндігі шектеулі жандарға 88 көшпелі қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мәлім болғанындай, ХҚКО қызметкерлері өз бетінен жүріп-тұра алмайтын жандардың үйіне барып, құжат қабылдап немесе беріп, электронды цифрлы қолтаңба ала алады.  Қажет болса, орталық ұсынатын мемлекеттік қызмет түрлері туралы кеңестер береді. Сонымен қатар, мүгедектердің компьютерлік сауатын ашып, көрсетілетін қызметті өз ыңғайына қарай пайдала алуы үшін Электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйретеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары