$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстікте балалары ВИЧ-ке шалдыққан ата-аналар ем қабылдаудан бас тартуда

«Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қорының мәліметінше, қазірдің өзінде екі бірдей бала аты суық дертке қарсы ең қажетті емді қабылдауды доғарған, деп хабарлайды «Отырар тв».

Енді қоғамдық қор басшылығы ата-аналардың бұл қадамын құптамайтынын мәлімдеп, прокуратураға хат жазды.

«Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қоры басшылығының айтуынша, балалардың ем-домнан бас тартуы онсызда қатерлі вирусты өршітіп, балалардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан індетке шалдыққан жеткіншектердің ата-аналары бұл қадамы үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

– Жасырмаймын, бізде 2 баланың ата-анасы антиретровирустық емді қабылдаудан бас тартты. Бұл жағдайға біз қол қусырып отыра алмадық, оларға қарсы прокуратураға хат жолданды. Ата-аналары балаларының өміріне жауап береді. Бүгінде перзенттерінің аты жаман ретке шалдыққанына сенбейтін ата-аналар да бар, – «Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қорының президенті Жанетта Жазықбаева.

Ал ғасыр дертіне қарсы емді орта жолдан тоқтатудан науқастың жағдайы одан сайын төмендейді. Бұл жөнінде жиында Австриядан келген мамандар – Роберт және Улогретта Сухонен айтты. Олар дүниежүзін аралап, ВИЧ дертімен ауыратын балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халықаралық деңгейдегі мамандар шымкенттік ата-аналарға ем-домның арасын үзбеуді ескертті.

Австриялық мамандар осы семинарды өткізу үшін Шымкентке арнайы келген. Шымкентте 2006 жылы ВИЧ індеті төңірегінде туындаған дауды естіген. Сол жылы жауапсыз мамандардың кесірінен 200-дей бала аты суық дертті жұқтырған болатын.

Халықаралық деңгейдегі мамандар бұл балаларға тек дәрілік ем жеткіліксіз, олар үшін ата-ананың қана емес, қоршаған адамдардың да қолдауы және психологиялық көмегі қажет деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары