$ 494.87  520.65  4.91

Астанада пәтерге мұқтаж 5 078 жас отбасыға 672 пәтер үлестірілді

Астана қаласы әкімдігі мен Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің желісі бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының қатысушылары үшін тұрғын үйді бөлістіру шарасы жүргізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен 4 қыркүйекте Тұрғын үй комиссиясы мәжілісінің отырысы өтіп, онда үміткерлерден түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша  ұсынылған құжаттар қаралып тұрғын үй алуға үміткер ретінде 672 жас отбасы іріктеліп алынды.

«Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарламаға қатысушылар саны 5 078 жас отбасы, соның ішінде үш бөлмелі пәтер алуға – 1 302, екі бөлмелі пәтерге – 2 765, бір бөлмелі пәтерге – 1 011 үміткер болды.

Бұл ретте үлестіру үшін 158 үш бөлмелі, 380 екі бөлмелі және 134 бір бөлмелі пәтер бөлінгенін атап өту керек.

Тізімге енгізілген Бағдарлама қатысушыларына Тұрғын үй басқармасының шақыруымен Тұрғын үй құрылыс банкісіне төлем қабілеттілігін бағалауға жолдамалар берілетін болады. Бағдарламаға қатысушылар жолдаманы алған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Тұрғын үй басқармасына Тұрғын үй құрылыс банкі берген төлем қабілеттілігін бағалау туралы хабарламаны ұсынуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары