Әлеумет 11.09.2014 сағат 04:05

Биыл ШҚО-да 12 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Бұл туралы Қазақстан-Өскемен телеарнасында қала әкімі Темірбек Қасымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Баспасөз маслихаты барысында шаһар басшысы Темірбек Қасымжанов алдағы уақыттарға жоспарланған жұмыс барысымен таныстырып өтті. Оның айтуынша, соңғы екі жыл ішіндегі облыс бойынша құрылыс жұмыстарына көп көңіл бөлінуде.

Өткен 2013 жыл мен 2014 жылдың 7 айы ішіндегі құрылыс жұмыстарын салыстырсақ, көрсеткіш 126 пайызды құрап отыр. Осы орайда жалпы ауданы 32,962 мың ш.м. құрайтын 400 пәтерлі 5 үйді кезекте тұрған отбасыларды жайлы қоныспен қамтамасыз ету көзделуде. Сонымен қатар, құрылыс жинақ жүйесі бойынша несиеге берілетін жалпы ауданы 23,1 мың ш.м. құрайтын 300 пәтерлі 3 үй, және жас отбасыларға жалпы ауданы 17,505 мың ш.м. құрайтын 225 пәтерлі 2 үйдің кілті тапсырылмақ.

Бүгінгі күнге ШҚО пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы  ауданы  107 мың ш.м құрап,  орта есеппен 109 пайыз көрсеткішке жетіп отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар