$ 494.87  520.65  4.91

Астанада мүгедек жандар үшін жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Қазіргі уақытта Астанада 14 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар тіркелген. Оларды жұмыспен қамту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге жүгінсек, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Елордада арнайы жәрмеңке ұйымдастырылады. Шара Астана қаласының жұмыспен қамту орталығының ғимаратында (Брусиловский көшесі, 17/3) 17 қыркүйек күні сағат 10.00-13.00 аралығында өткізіледі.

Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің хабарлауынша, олардың көпшілігі жұмыс істеуге және сол арқылы мемлекет қазынасына салық төлеуге қабілетті. Бүгінгі таңда әлеуетті жұмыс берушілер мүгедектердің кедергісіз еңбек етуі үшін қажетті пандус, т.б. қажетті құрылғыларды орнату сияқты дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары