$ 494.87  520.65  4.91

Астанада жәрмеңкеде жетісулық фермерлер 450 мың тонна өнімін ұсынды

Астанадағы Алматы облысының ауыл-шаруашылық жәрмеңкесінде 450 мың тонна өнім ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін 20 қыркүйекте Астанада жыл сайынғы ел аймақтарының ауыл-шаруашылық жәрмеңкелері басталды. Алғашқы болып Алматы облысының фермерлері өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге Жетісу өңірінің 19 ауданы мен қалаларынан келген ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысты.

Астаналықтар мен қала қонақтары үшін 50 ден астам өнім түрлері қаладағы базар бағасынан 10-20 пайыз төмен бағаға сатылды.

Жетсулықтар тұтынушыларға 15 тонна қой еті, 16 тонна сиыр еті, 14 тонна жылқы еті, 4,2 тонна шошқа еті, 6 тонна құс еті, 12 тонна балық, 18,2 тонна сүт өнімдері, 52 тонна картоп, 194 тонна көкөніс, 12 тонна жеміс-жидек, 70 тонна т.б. тауарлар ұсынды. Атап өту керек жәрмеңкеге 450 тонна ауыл-шаруашылық өнімдері әкелінген болатын.

Атап өту керек, Астанада аймақтардың ауыл-шаруашылық жәрмеңкелері осымен 5 жыл өткізіліп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Астанада ұйымдастырылған жәрмеңкеде Алматы облысының өкілдері 400 тоннадан астам өнім ұсынған болатын. Сол жылы жетісулықтар тамақ өнімдерінің 24 түрін, атап айтқанда 193 тонна көкөніс, 110 тонна пияз, 50 тоннадан астам алма, 17 тоннаға жуық күріш, 7 тоннадай балық, 3 тонна бал, сондай-ақ 60 тоннадан астам ет және т.б. көптеген өнім түрлерін әкелген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары