Әлеумет 26.09.2017 сағат 03:42  827

Шымкент халқының саны 1 миллионға жақындады

Шымкент халқының саны жыл басынан бері 33 мың адамға артты. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы бүгінде мегаполис болуға дайындалуда. Қазір мұндағы тұрғындардың саны 950 мыңға жеткен.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Облыстық статистика басқармасы мамандарының мәліметінше, облыс халқының саны ресми санақ бойынша 2,9 миллион адамнан асыпты. Дегенмен, жергілікті көші-қон органдарына тіркелмеген адамдар да аз емес. Сондықтан, облыс тұрғындарының саны 3 миллионнан аспаса кем болмайды дейді олар.

Оңтүстік Қазақстан облысынағы перзентханаларда жыл басынан бері 50 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашыпты. Дәрігерлердің айтуынша, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш екен. Әрбір бесінші қазақстандықтың ОҚО-да дүниеге келуі біз үшін үлкен мәртебе дейді олар.

«Бір жылдың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 80-80,5 мың сәби дүниеге келеді. Бүгінгі күнге дейін туылған балалар саны 50,5 мыңнан асты. Халықтың әлеуметтік жағдайы түзеле бастады, олар бала сүйгісі келеді, ұрпақ көбейткісі келеді. Бұл өте жағымды процесс», - дейді Шымкент қалалық №2 перзентхананң бас дәрігері Эльмира Қожахметова.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар