Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылыдың 22 қыркүйегінде «Жастар» сарайында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің медиа-орталығы мәлімдеп отыр.
QAZAQ BANKI, КазкоммерцБанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі секілді екінші дәрежелі банктер, Ішкі істер департаменті, Ұлттық мұражай, Ақмола вагон құрылыс зауыты тәрізді елорданың түрлі саладағы 50-ге жуық жұмыс берушілері қатысады. Олар несие кеңесшісі және менеджер, қаржыгер, кассир, ішкі істер органдарының қызметкерлері, электрогаздәнекерлеуші, фрезеровщик, кран машинисті, өнер және мәдениет мамандары және басқа да 500-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынады.