$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда үй кезегінде тұрғандардан өтінім қабылдана бастады

Алматыда  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша 4-6 қыркүйек аралығында www.e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Электрондық веб-порталы арқылы құжаттарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы, Алатау ауданының «Алғабас-6» ықшам ауданында орналасқан 28 (бір бөлмелі - 28) дайын пәтерді сату жоспарланған.

Пәтердің бір шаршы метрі, сатып алу арқылы жалға алғанда  20 жылға  шамамен 1 120 тенге болады.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша - жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, 1 және 2-ші топтағы мүгедектер баспанаға ие бола алады.

Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:

1-кіші топ - жергілікті атқарушы органда осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;

 

2-кіші топ 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар жатады.

Бөлінетін тұрғын үй нормалары:

1-кіші топ қатысушылары үшін 50 %;

2-кіші топ қатысушылары үшін 50 %

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1. Бағдарламаның 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.

2. Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында тұрғын үйдің (ортақ бірлескен меншіктегі, тұрғын үйдің бірлігі ретінде осы тармақта көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестің) немесе Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алған жалдамалы тұрғын үйдің болмауы;

3. Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;

Бағдаламаның негізгі талаптарына сәйкес келетін үміткерлер пәтердің белгілі бір түріне өтініш пен мынадай құжаттарды тапсырады:

1. Неке қию (2008 жылға дейін тіркелген болса), некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;

2. Балаларының туу туралы куәліктері (2008 жылға дейін туылған болса), әке болуды анықтау туралы куәлік (нысан №4, нысан №15),

3. Өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтамасы;

4. Отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;

5. Өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлердің санына сәйкес жүргізіледі. Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда, бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі. Бағдарлама шеңберінде Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе жалға алуға рұқсат етіледі. Бағдарлама бағыттары шегінде сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары