Әлеумет 30.10.2017 сағат 04:30  1374

Халықтың өмір сүру ұзақтығы жағынан Алматы екінші орында

Қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту – дамыған 30 елдің қатарына қосылудағы ең басты талаптардың бірі екені белгілі. Осы талапты орындау мақсатында Қазақстан денсаулық сақтау саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп жатыр. Аталған салада соңғы 4-5 жылдың өзінде бірнеше реформа жүзеге асып үлгерді. Солардың соңғысы – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап күшіне енген «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы да осы мақсатқа жетудің негізгі құралы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дәл осы бағдарлама аясында бүгінде еліміздің барлық аумағында сан-түрлі шаралар өтіп жатыр. Барлығы да халықтың денсаулығын жақсартуға, өмір жасын ұзартуға бағытталған. Республиканың ең үлкен мегаполисі Алматы да мұндай шаралардан кенде емес. Шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту бөлімінің бас маманы Дана Қорғанбаева әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, Алматы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы бойынша республикада Астанадан кейінгі екінші орынды алады екен.

«Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүру жасы – кіріктірілген көрсеткіш сапасы мен қолжетімді медициналық көмектің нәтижесінде 2014-2016 жылдар аралығында, яғни 2 жыл ішінде 75,9 жасқа ұзарып отыр. Бұл мемлекет бойынша екінші орындағы көрсеткіш. Себебі, өмір сүру жас ерекшелігінен Астана әзірге жол бастап тұр. Ал, Алматы қаласы тұрғындары  өмір сүру ұзақтығы бойынша елімізде ең жоғарғы көрсеткішке ие», - дейді денсаулық сақтау саласының маманы.

Сондай-ақ, Д.Қорғанбаеваның айтуынша, алматылықтардың өмір жасын ұзарту үшін әлі де болса нақты шаралар жүзеге асып жатыр екен. Мәселен, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының іске асыру барысында: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту мақсатын қолдайды. Бағдарламаның міндеттеріне тоқталатын болсақ:

  1. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту;
  2. Аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру;
  3. Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру;
  4. Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру.

Осы бағдарламалардың  негізгі бағыттарына  тоқталсақ:

  1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша секторлық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;
  2. «Профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру»;
  3. «Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру»;
  4. «Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқару мен қаржыландыруды жетілдіру»;
  5. «Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу»;
  6. «Халыққа дәрілік заттардың қолжетімдігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жабдықтауды жақсарту».

«Аталған бағдарламалар аясында көптеген іс-шаралар жүзеге асты. Сондай-ақ, тұрғындардың орташа өмір сүру жасын ұзарту  мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы №3 бұйрығына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру жалғасуда. Оның ішінде саламатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, скринингтік тексеру, дер кезінде алдын-ала екпе қабылдау жұмыстары бар», - дейді Дана Қорғанбаева.

Оның айтуынша, Алматының іргесінде орналасқан елдімекен тұрғындары да ешқандай медициналық қызмет түрінен шет қалмайды.

«Қазақстан Республикасының барлық азаматтары тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық көмекті толық көлемде алып отыр. 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі №193-ІV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (22.12.2016 жылғы толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) Қазақстан Республикасы Кодексінің 34 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарға кепілді тегін медициналық көмек көлемі бюджет қаражаты есебінен қарастырылған. Сонымен қатар, кепілді тегін медициналық көмекпен бірге профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтері де көрсетіледі», - дейді ол.

Маманның айтуынша, Алматыда жедел жәрдеим қызметінің сапасын арттыру мақсатында да біршама жұмыстар қолға алынған екен.

«Қазіргі уақытта жедел жәрдем көмегі сапасын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпан күндері аралығында Қысқы Универсиада кезінде жедел жәрдем көмегі спортшылар  мен қонақтарға дер кезінде медициналық көмек қолын созды. Сондай-ақ, 2017 жылдың 10 қаңтарынан қызметкерлер арнайы цифрлы радиобайланыс жаңа құрылғы мен  оқу сабақтарына қатысты. 2017 жылы 9 айдың ішінде жалпы жедел жәрдем көмегі 2%-ға өсті. Ал, дер кезінде келіп түскен шақыртулар мен мамандар арасындағы жұмыс жылдамдығы 98.1 % дан 99,9% жетіп отыр. Керісінше, кешіктіріліп көрсетілген жедел жәрдемнің көмегі 1,9% -дан  0,1  %-ға төмендеп отыр. Сонымен қатар, ауруы асқынған емделушілерден де шақыртулар 17,1%  -дан  16,4% көрсеткішке төмендеп отыр», - деді ол.

Бұл Алматының денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары халықтың өмір сүру ұзақтығын бұдан да ұлғайтамыз деп жоспарлап отыр. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін басқа амал жоқ.

Айымхан Әмірбекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар