$ 498.34  519.72  4.85

Ардагерлерді жыл он екі ай ардақтаймыз

Жасыратыны жоқ, кейде қазыналы қарияларымызды тек 9 мамырдағы Жеңіс күні мерекесінде, қазан айында аталып өтетін Дүниежүзілік қариялар күнінде ғана құттықтап, жағдайын жасап жатамыз. Ал, қалған уақытта ата-әжелерімізге көп назар аудара бермейтініміз  шындық. Ол бәлкім қазіргі уақыттың тым қауырт болып бара жатқанынан да шығар. Бірақ, шынайы қазақ әрқашан қарттарын қадірлеп өтеді.

Біз қарияларымызға көп уақыт бөле алмасақ та, үкімет оларды ешқашан назарынан шығарған емес. Зейнеткерлер әрқашан мемлекеттің қорғауында және қамқорлығында. Қарияларымыз ешқашан зейнетақысы мен жәрдемақысын кешіктіріп алған емес. Ардагерлерімізге сондай-ақ, түрлі жеңілдіктер мен тегін демалыс орындары да қарастрылған.

Мұның бәрін неге айтып отыр дерсіздер. Оған себеп – бүгін дүниежүзі халқы қариялар күнін атап өтіп жатыр. Қатардан қалмай біз де ата-әжелерімізді құттықтап, оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық туралы азды-кем айтып өтсек деген ниеттеміз. Сондықтан, Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Ардагерлер кеңесінің басшысы Сәния Әлденқызымен әңгімелестік.

Бүгінде аудан көлемінде 76 алғашқы ардагер­лер ұйымы бар. Осы ұйым­дардағы зейнеткерлер саны 20 мыңнан асып жығылады. Олардың 31-і ҰОС ардагерлері мен мүгедектері. Қарияларға құрмет көрсету айлығы бары­сында аудандағы денсаулық сақтау ұйымдарында Ашық есік күндері, мектептер мен колледждерде үш ұрпақ өкіл­дерінің кездесулері өткізіліп жатыр. Жас ұрпақ өкілдері ата-әжелерінің парасатты әңгіме­лерін тыңдап, олардың өнегелі өмірлерінен үлгі алуда.

Аудан көлеміндегі барлық іс-шараны Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев басты назарға алып, олардың жүйелі өтуіне тікелей ықпал етіп отыр. Мереке аясында ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін жеткізіп берсе, бұл да мере­келік тарту іспетті. Сонымен қатар, аудан ардагерлері мен зей­неткерлерін жыл сайын Алматыны аралатып, туған қаланың күн сайын өзгеріп жатқан келбетімен таныстыру жұмыстары да жалғасын тауып отыр.

Жетісу ауданы әкімшілігі­нің алдынан қалаға бет алған арнайы көлік Тұңғыш Прези­дент саябағына, жер асты метро­политеніне, Халық Арена мұз айдынын, Халықаралық шаңғы кешеніне, т.б. көрікті жерлерге саяхат жасаса, бұл да қарт­тарымызға жасалып отырған үлкен құрметтің бірі.

Шыны керек, қарияларды кинотеатрларға апарып, кино көруіне мүмкіндік жасай бермей­міз. Ал осы олқылық­тың орнын тағы да аудан әкімшілігі толтырып отыр. Аудан зейнеткерлерін «Макси­ма» ойын-сауық орталығына апарып, «Иллюзион» кино­теа­трын­дағы «Салют-7» фильмін тамашалауға мүмкіндік туғыз­ды. Міне, ауданның қариялары қоңыр күзде тағы бір қауқыл­дасып қалды. Айтпақшы, дәл осы кезеңде мектеп оқушы­лары тарапынан көмекке зәру кісілердің үйлеріне, аулала­рына тазалық жұмыстары жүргізіліп, «Нұр Отан» пар­тиясының аудандық филиа­лының қолдауымен арнайы сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары