$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда азық-түлік бағасы қымбаттамайды

Алматыда азық-түлік бағасының қымбаттауына еш себеп жоқ. Қалалық Ауыл шаруашылық басқармасының басшылары осылай деді. Айтуларынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қоры да жеткілікті. Осы күні қоймаларда 2 мың тоннаға жуық азық-түлік бар екен. Ал, базардағы бағаны қадағалауға арнайы топ бөлінген. Егер, тауардың құнын себепсіз көтергендер болса, оларға айыппұл салынады.

Соңғы 3 айда азық-түлік құны шамамен 1 пайызға өсіпті. Мәселен, сиыр еті мен сүт өнімдері қымбаттаған. Керісінше, қой еті, картоп, пияз және қырыққабаттың құны түскен. Мереке қарсаңында азық-түлік бағасы тұрақты болады. Қаланың ауыл шаруашылық басқармасы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын көтеретіндерге қатаң шара қолданбақ.

«Біз күн сайын бағаларға мониторинг жасап отырамыз. Әсіресе, күнделікті сатып алынатын тауарларға. Сонымен қатар, бағалардың көтеріліп кетпеуін қадағалаймыз», - деді  Алматы қаласы ауыл шаруашылығы және Ветеренария басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш ӘБДІЖАППАРОВА.

Әлеуметтік тағам түрлерінің құнын сатушылар себепсіз көтере алмайды. Олай болған жағдайда заң алдында жауап беруге тура келеді. Картоп, пияз, сәбіз, нан және құрғақ өнімдердің бағаларын құзырлы орган қызметкерлері күнделікті бақылап жүреді. Егер, заң бұзушылық анықталса, бірден айыппұл салынады. 

«Біз серіктестер мен жеткізушілер арасында келісімшартқа отырдық. 15-ші қарашадан бастап жаңа жылға дейін олар бағаны көтермейді. Біз сатып алушыларға барынша арзан бағада сатуға тырысамыз. Әсіресе, жұмыртқа, макорон, нан, картоп, қызылша сынды тағам түрлерінің құнын көтермейміз», - деді "Бөлшек сауда желілері" филиалының директоры Ирина ХРОМОВА.

Бұл  Алматы маңындағы қоймалардың бірі. Мұнда еліміздің әр өңірінен жеткізілген құрғақ өнімдер сақталған. Нарықтағы әлеуметтік маңызы бар заттардың құны қымбаттаған кезде, осындағы азық-түліктер бірден сауда орталықтарына жөнелтіледі. Бұл өз кезегінде бағаның шарықтап кетпеуіне септігін тигізеді. 

«729 миллион теңгеге 3 мың 170 тонна азық-түлік өнімдері алынды. Бүгінге дейін оның 1273 тоннасы сатылымға шығарылды. Қорпорация  тапшылық пен бағаның көттерілуін болдырмау үшін құрылған. Бұл жердегі тауарлар қаладағы ірі сауда орындарына жөнелтіледі», - деді «Алматы» ӘКК АҚ бөлім жетекшісі Азиз ТҰРҒАНОВ.

Әлеуметтік тағам түрлері қаладағы 9 ірі сауда желісі арқылы сатылады. Бірақ, олар ойына келген құнды емес, мемарандумда көрсетілген бағаларды қояды. Қазір бұл тамақ өнімдерінің құны көпке қолжетімді. Сонымен қатар, мейрам қарсаңында кейбір сауда орталықтары жеміс-жидектерге жеңілдіктер береді. Бұл да баға тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. 

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың түрлері 19 екен. Олардың бағасын өсірмей, бір қалыпта ұстап тұруға апта сайын өткізілетін жәрмеңкелер де септеседі. Осы уақытқа дейін 500-ден көп жәрмеңке ұйымдастырылыпты. Қысқасы, қаланың ауыл шаруашылық басқармасы және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері қор жеткілікті, баға өспейді деп уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары