25.03.2018, 14:34

Қазақстандықтар Новосібір қаласын жаппай тастап қашуда

Көрнекі сурет

Украина мен Орта Азия елдерінің азаматтары Новосібір қаласын жаппай тастап кетіп жатыр. Олардың көпшілігі қазақстандықтар. Барлығы да аталған мегаполисте келісімшартпен жұмыс істеген жұмысшылар. Олар құжаттарының мерзімін одан әрі созудан бас тартып, өз елдеріне кетіп жатыр деп жазады kurer-sreda.ru.

Статистикалық органдардың мәліметінше, қалаға кеп жатқан мигранттар саны былтыр артқан. Дегенмен, кеткендер саны әлдеқайда көп екен. Бұған дейін ресейішілік миграцияның көрсеткшіі басым болса, қазіргі таңда Ресейдің өзге қалаларынан да Новосібірге келушілердің саны күрт азайыпты.

Қалаға былтыр өзге мемлекеттерден 1,2 мың адам келген болса (алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп), қаланы тастап кеткен шетелдіктер саны 3,9 мың адамды құрапты (1,6 есеге көп). Кетіп жатқандардың дені қазақтар. Соңғы бірер жылда Қазақстанға Новосібірден 4,3 мың қандасымыз оралған.