$ 498.34  519.72  4.85

Астанадағы «Алма» супермаркетінен балалардың денсаулығына қауіпті ойыншықтар мен азық-түлік табылды

Астана қаласының қоғамдық денсаулықты қорғау департаментімен азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізу барысында «Алма бөлшек сауда желілері» ЖШС-нің «Алма» супермаркетіндегі құс етінен жасалған қауіпті өнімдерді анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қауіп өнімнің маркасындағы өрескел бұзушылықпен байланысты: тұтынушыға арналған этикеткада өндіруші мен импортер туралы ақпарат көрсетілмеген, дайындалған уақыты пен пайдалану мерзімі жазылмаған, ақпарат мемлекеттік тілде көрсетілмеген және ЕАС белгісі, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың бағалау процедурасының техникалық регламентінен өткенін растайтын белгі болмай шықты.

Құс етінен жасалған тез бұзылуға бейім, шығарылған уақыты мен пайдалану мерзімі көрсетілмеген өнімдер инфекциялық аурулардың тарауы мен азық-түліктен улануға әкеліп соғуы мүмкін. Сондай-ақ нақты мерзімі көрсетілмегендіктен тұтынушыны адастырып, зардап шектіруі мүмкін.

20.03.2018 жылғы зертханалық сынаманың нәтижесінде «Алма» супермаркетіндегі тез бұзылатын кондитерлік өнімдерге жүргізілген тексеру кезінде «Прага» бисквитті торты (өндіруші - «Glamour Product» (Астана) микробиологиялық көрсеткіштердің нормадан көп екені және ашытқының 12 есе көп қолданылғаны белгілі болды. Ал маркілеуге келгенде дайындаушы мен оның орналасқан жері жазылмаған.

Анықталған микробиологиялық заттар өнімді сақтау, тасымалдау, өлшеу мен сату кезінде сақталуға тиіс талаптардың орындалмағанын дәлелдеп отыр.

Бұған қоса, 2018 жылдың 27 наурызында «Алма» супермаркетінде сатып алынған «ARDANA Girl» тауар белгісінің «Су перісі қуыршағы» мен «Кентавр қуыршағы» шығарушы мен импортер туралы ақпарат, бұйымды пайдалану мен сақтау шарттары туралы жадынама, құрамы мен пайдалану мерзімі туралы ақпарат жоқ.

Осыған орай Астана қаласының қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті тұрғындарға азық-түлік пен өнімдерді таңдау кезінде маркадағы жазбаны мұқият тексеру керектігін ескертеді. Маркілеуде қатесі бар өнім тұрғындардың өмірі үшін қауіпсіз емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары