01.08.2018, 14:23

Қарттарға деген қамқорлықтың белгісі

Орталық дойбы, шахмат, тоғызқұ­малақ, үстел теннисі және басқа да ойындарға арналған кабинеттермен, кітапханалар, соның ішінде аудиокітап­тар, ДШК сабақтары үшін залдармен жабдықталған, сондай-ақ, компьютерлік сауаттылықты, ағылшын тілін меңгеру курстары тұрақты негізде өтеді. Ақысыз негізде заң, психологиялық және меди­ци­налық кеңестер көрсетіледі. Бұдан басқа, ҚАРТ-бақшасын ашу жоспарла­нуда. Сонымен қатар, ақылы тәулік бойы болу бөлімі, қала емханаларында геронтология кабинеттерін ашу, агро-краудсорсинг сабақтарын жүргізу көзделуде. Клубтар ұйымдастырылып, соның ішінде қаланың саябақтары мен гүлзарларында «скандинавтық жүру» ұйымдастырылады, топ болып музей­лерге, театрларға, көрмелерге және т.б. көрікті жерлерге барады.

Барлық аудандарда әлеуметтік клуб­тар, кітапханалар, мектептер, театрлар, колледждер, университеттер, жастар лофт-орталығы, аула клубтары сияқты коммуналдық және коммерциялық жылжымайтын мүлік негізінде шектеулі уақытқа орнатылады. Сонымен қатар, егде жастағы адамдар үшін бос уақытты өткізуге жағдай жасау үшін еркін әлеуметтік клуб құруға ниет білдіретін бизнес-қоғамдастықты тарту жоспар­лануда. Осыған байланысты жүйелік және транспаренттік жұмыс туралы меморандумдар жасалады. Болашақта бизнес-қоғамдастықтар материалдық-техникалық базаны ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір іс-шараларды жүргізу үшін қызметкерлерді де (инструктор­лар, мұғалімдер және т.б.) қамтамасыз етеді. Әлеуметтік клубтарда белгіленген жұмыс кестесі жоқ және мекеме немесе кәсіпорынның мүмкіндіктеріне байла­нысты. Олардың түрлері бойынша әлеу­меттік клубтар оқу, спорт, мәдени-дема­лыс және басқа да жұмыс проце­сінде анықталады.

Ал Алматы қалалық Жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағдарламалар бас­қар­масына қарасты Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үйлерінде жоспар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Арнайы клубтар, скандинавиялық жүріс, серуендеу, Қазақстанның киелі жер­леріне барып географиясымен таны­су, тренингтер өткізу, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, би, поэзия кештері, фэн-шуй, йога, қол терапиясы, өнер тера­пиясы, аулаға гүл отырғызу, оны баптау-күту, бау-бақшамен айналысып, жастарға үйрету, т.б. көптеген шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Жол картасы «Белсенді ұзақ өмір» жобасы қалалық әкімдікпен бірге қа­был­данғандықтан, қаламыздың аудан­дарымен тығыз бірге қызмет жасауда­мыз. Осы ретте, аудандық әкімі аппарат­тары жоба бойынша өз жоспарларын құрып, жұмыстарын бастап та кетті.

Мәселен, Алмалы ауданындағы А.П.Че­хов атындағы кітапхана база­сында егде жандарға арналған шахмат­тық клуб ашылды. Онда 15 адам қаты­суда. Осы кітапханаға қоса №4 кітапха­нада зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған компьютерлік курстар ашыл­ды. Ол жерде 20 адам курс сабақтарын жүргізіп отыр. Ганди атындағы саябақта зейнеткерлердің қатысуымен күн сайын таңертеңгілік және кешкілік жаттығу­лар жасалады. Жамбыл атындағы кітап­ха­на базасында егде жандар үшін қазақ­ша және ағылшын тілдерін меңгеру мақсатында тілдік курстар ашылды. Бұл жерде бұдан басқа зейнеткерлер үшін психологиялық тренингтер өтеді. Қазір­гі таңда курстар мен тренингке 20-дан аса адам қатысып отыр. Бүгінгі таңда Ганди саябағында орналасқан волейбол клубы басшысымен келісім-шарт жаса­сып, зейнеткерлердің демалуына арнайы орын бөлу мүмкіндігіне ие болып (орталықтың ашылуы шілде айының аяғында құрылыс жұмысының бітуіне орай жүзеге асырылады) отырмыз. Бұдан басқа, ардагерлер үшін шахмат клуб­тарын ашу мақсатында қаладағы көптеген кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде. Жобаның «Бұл – Аула» деп аталатын бөлімінде көрсетілгендей, қолөнер бұйымдарымен жасалған жасан­ды көрме жәрмеңкесін өткізу және зейнеткер жасындағылар үшін жасыл көшеттер отырғызу да көзделіп отыр. Егде жастағы қарттарымыз аудан­ның спорттық шараларына қатысып отырады. Аудан зейнеткерлері вело­пробег, марафон, жалпықалалық спар­та­киада және басқа да шараларға шақы­рылып тұрады. Тіпті, жоғарыда аталған шаралар екінші жартыжылдықта жүзе­ге аспақ. Аталған шаралар ПИК, ЗТМО, емхана, әлеуметтік қызметкерлер мен және басқа да ынта білдіруші мекемелер арқылы іске асады. Қазіргі таңда «Үшін­ші жастың таланттары» атты конкурсына қатысуға іріктеу жүргізіліп жатыр. Бұл шара жоспар-кестесіне сай қыркүйек айында өткізіледі.

Ал Алатау аудандық әкімдігі: егде жастағы қарттарымызды қазіргі қоғамға бейімдеу мақсатында, арнайы күнтіз­белік жоспар бойынша белгіленген меке­мелерде «компьютерді үйрету» жұмыстары жүргізілуде. Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, қарт адамдар ара­сында спорттың бірнеше түрінен жарыс­тар өткізілді. Жалғызбасты қарт адамдарға және аз қамтылған қарттар­дың тізімін анықтап, арнайы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Коммуналдық тө­лем­дерін төлеу үшін тұрғын үй көмегін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүр­гі­зілді. Аудан емханаларында меди­ци­налық тегін тексеру жұмыстары жүр­гізілді. Өздігінен жүре алмайтын қарт­тардың үйлерінен дәрігер мамандардың барып тексеруін қамтамасыз етілді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемеле­рінің стационарлық тарабының дамуы қарттарға бірнеше бағыттар бойынша көмектер жүргізілді:

- Тұрақты өмір сүрудің ең қолай­лы жағдайын жасау;- Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және қайта қалпына келтірудің сапалы ұйымдастырылуы;- Әлеуметтік мәдени бағыттағы қыз­меттерді беру;- Өзара қарым-қатынастарындағы байланыстарды нығайту.

«Ғасыр құрдасы» атты іс-шара бо­йынша, 100 және одан да ұзақ ғұмыр кешуші қарттарды мерейтойларымен арнайы үйлеріне барып, құттықтау жұмыстары жүргізілді. Аудандағы қарт­­тардың белсенділігін арттыру мақса­тында қарттар жиі-жиі серуендеп отырады.

Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету мақсатында аудандағы жастар орталықтары демалыс күндері «Қарттар-біздің асыл қазынамыз» акция­сы аясында қарттардың үйлеріне барып, қажетті көмектер көрсетеді.

Қарттардың бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін, саябақтардың қолайлы­лығы, тазалығы қамтамасыз етілді. Мәде­ни орындарға (музей, театр, кино­театр, концерттерге) арнайы жолда­малар беріліп тұрады. Арнайы белгі­ленген мекемелерде психологиялық тренингтер, егде жастағы адамдарға арналған түрлі терапиялар өткізілді. Білім мекемелерінде қарттардың қаты­суымен кездесулер, «дөңгелек үстел­дер», ашық сабақтар өткізіліп тұрады.

Әуезов аудандағы №6 емханада «Лайықты жас» деп аталатын клуб ашыл­ды. Клуб аптасына 2 рет 2-3 сағат бойына қызмет жасайды. Ол жерде мидың дұрыс жұмыс жасауын арналған арнайы сауықтыру шаралары жүргі­зіледі.

Бостандық ауданы: аудан аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарлар және аулаларда 22 спорт алаңдары орна­ласқан. №14 кітапханада «Ардагерлерге өнеге» атты клуб ашылды. Ол жерде шахмат, шашкі ойындары ұйымдасты­рылып өтуде. Аталмыш клубқа аудан­ның 100 белсенді зейнеткерлері қатыса­ды. «Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» өкілдері мен «Евразия Скандинавиялық жүру» мектебінің жаттықтырушы­сының қатысуымен Тұңғыш Президент саябағында 30 белсенді тыл майдангер­лері мен зейнеткерлері «Скандинавия­лық жүріс» бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырды. «Комфорт» тұрғын үй кешенінде ардагерлер мен зейнеткер­лерге арналған шахмат клубы ашылды. Оның ішінде тоғызқұмалақ, нарды, шашкі ойындарын ойнауға жағдай жасалған. Шахмат клубына 150 белсенді зейнеткерлер қатысып отыр. Ал «Ха­лықаралық инновациялық техникалық» және «Қайнар» университеттерінде ауданның ардагерлері мен зейнеткер­леріне арналған компьютерлік курстар ұйымдастырылып өткізілуде. Курсты аяқтағандарға арнайы сертификат табыс етіледі.

Жетісу ауданы: «Сандық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір» Жол картасы бойынша қарт­тарымыздың компьютерді сауатты пай­даланып, сайттар мен желілер арқылы өз мүмкіндіктерін пайдалану мақсатын­да курстар жүргізілуде. Ол жерде үкімет­тік, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық сауда-саттық туралы білулеріне мүмкіндік бар. Егде жастағыларға арналған «Ай­күне» атты қазақша жаттығулар ұйым­дас­тырылса, «Абылайхан» фитнес тре­нерлік клубы да өз жұмыстарын атқа­рып жатыр. Ал «Құлагер» және «Айна­бұлақ» ықшамаудандарында егде жас­тағылар үшін қытайдың «Ушу» жатты­ғуының үйірмесі жұмыс істейді.

Медеу ауданы: Жобаны жүзеге асыру мақсатында таңертеңгілік «Қара жорға» халық биіне нақышталған жаттығулар жасалады. Бұл бидің өзіндік сыры бар. Биді үйрету және ауданның зейнеткерлерін белсенді өмір салтына тарту, таңертеңгі тонусты, күндізгі көңіл-күйді көтеру болып табылады. Осы бағыттағы жоспарлы іс-шара өз жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ.

Түрксіб ауданы: ауданда егде жастағы адамдарға арналған «Радуга» клубы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қарттарымызға арналған флэш-мобтар, шахмат клубтары, тренингтер, лекция­лар, ЕДШ-лар, компьютерлік сауатты­лыққа курстар, вокалды ұжымдар, суда жүзу клубтары, денсаулық клубтары, экотуризм бұл жерде Қазақстанның киелі жерлерінің географиясымен Түр­кістан, Иса Ата, Сарыағаш киелі жер­лерінде болып қайтты. Жазғы мезгіл­дерді Түрген, Есік қорғаны, Алакөл және басқа да жерлерге болу жоспар­лануда.

Наурызбай ауданы: Әлеуметтік клубтар өз жұмыстарын бастады. Ком­пьютерлік сауаттылық, таңғы және кешкі ЕДШ сабақтары, йога назарда.

Жол картасы «Белсенді ұзақ өмір» жобасы, Алматы қаласы зейнеткерлері мен ардагерлеріне, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, зейнеткерлік жаста не істейміз деген сауалға жауап таба алмай жүрген жандарға ең қажетті жоба. Жобаны іске асырып қана қой­май, үнемі дамытып, олардың заман тала­бына сай өмір сүрулерін қамта­масыз етуге бағытталған ауқымды жоба, рухани жаңғыруға қосылған ауқымды іс деп бағалаймыз.

Ләззат ЖЕТІБАЕВА,Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.