$ 494.87  520.65  4.91

«Әдемі фотосуретпен шектелді»: Ақтөбеде Президент күні дүниеге келген үшемнің ата-анасы әкімдіктің көмек көрсетпей отырғанын айтты

1 желтоқсан күні  Юлия Балабекова Ақтөбе облыстық ауруханасында үшем дүниеге әкелді. Әкім келгенше перзентханадан шықпаңыздар деген дәрігерлер өтінішін орындаған ата-ана баспана берілуі мүмкін деген сөзге үміттеніп қалыпты деп жазады Диапазон.

3 жасар Милананы қосқанда 4 балалы отбасының тұрғылықты тіркеуі мен табыс көзі, баспанасы да жоқ. Ал тіркеусіз жұбайлар жәрдемақы алып, пәтер кезегіне тұра алмайды екен.

«Әйеліме дәрігерлер облыс әкімі келгенше перзентханадан шықпай, әкімді күте тұру қажеттігін айтқан. Пәтер берілуі мүмкін екенін де жеткізген. Журналистер әкімнен пәтердің қашан берілетінін сұрады. Әкім осы мәселе бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. Кейін тұрғын үй қорына хабарласқанымда маған ешқандай пәтер берілмейтінін жеткізді.

Әдемі фотосуретпен шектелді. Кішкене сыйлық берілді. Оны да әкімдік емес, арнайы қор табыстады», - дейді үшемнің әкесі Борис Балабеков.

Ерлі-зайыптылар қазір бала-шағасымен туысының үйін паналап жүр. Үйлеріне кіріс кірмеген соң олар неке жүзігін 30 мың теңгеге сатуға мәжбүр болған. Ол ақшаға азық-түлік қана ала алдық деген олар Дариға Назарбаевадан көмек сұрап хат жазғанын, жақсы жаңалық күтіп отырғанын айтады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары