$ 498.34  519.72  4.85

«Тальгодағы» зорлық оқиғасы: жолсеріктерге 2,5 жыл кесу әділетті шешім бе?

«Мен зардап шеккен қарындасымызбен жеке сөйлесіп, заңнамалық тұрғыда көмек ұсындым», - деді Нұржан Әлтаев.
Фото: holanews.kz
Фото: holanews.kz

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев «Тальгодағы» адам зорлау оқиғасы үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясы жауап беру керек деген пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Тальгодағы» резонансты оқиғаға келсек, біздің қарындасымызға қарсы зорлық әрекеті жасалғаны дәлелденіп отыр. Сол қылмысты жасағандар 2,5 жылға ғана сотталды. Менің ойымша, мұндайға жол берілмеуі керек. «Қазақстан темір жолы» компаниясы да бұл оқиға үшін жауапкершілік арқалауы керек. Оларға жолаушылардың қауіпсіздігі сеніп тапсырылды. «Тальго» пойызы бізде элиталы көлік саналады. Ал зорлық көрсеткен сол компанияның жолаушылар қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері болып отыр. Сондықтан «ҚЖТ» компаниясы толық жауапкершілік арқалауы керек», - деді Парламент өкілі. 

«Мен зардап шеккен қарындасымызбен жеке сөйлесіп, заңнамалық тұрғыда көмек ұсындым. Оған қазір «ҚТЖ» компаниясына қарсы азаматтық қуыным қозғауға кеңес бердік. Егер келіссе, бұл іске үздік адвокаттарды тартып, «Қазақстан темір жолы» компаниясына зор көлемде қаржылық жауапкершілік арқалатамыз. Оның ішінде моральдық шығындар да бар», - деді Нұржан Әлтаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары