Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауылына қарасты Қайыңды ауылында жайынды көп аулайтын азамат бар екен. Аты-жөні – Аслан Жайынов, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Егемен Қазақстан» газетінің сайтына жүктелген бейнероликке қарағанда, ол сол жайын балығын аулау арқылы танымалдылыққа ие болған.
Жалпы, Қасқырбайдың қасқырға шығып, Бүркітбайдың қолына бүркіт қондырып алып, дәстүрлі саятшылық құрып жүргенін естімеген оқырман үшін бұл да бір қызық тақырып. «Атына заты сай» дегеніміз осы болар. Себебі, бейнеролик атауы да – «Жайын аулағыш Жайынов». Жақсы естіледі.