$ 494.87  520.65  4.91

Шеберлер көшесі, керуен сарайлар көшесі, қисық көше... Сонымен, «Арбат» атауының мағынасы не болды?

Алтындай жарқыраған көшені Алтынорда, Отырар, Қазақ даласы, Қазақ құты дегендей қазақтың әдемі атауларымен әспеттеуге болар еді...
фото: vostokphotos.ru
фото: vostokphotos.ru

Арбат арба жөндейтін шеберлер көшесі деген атау бере ме, әлде, бүкір деген мағынада қолданылған ба? Бұл мәселеге бүгін белгілі журналист Серік Әбікенұлы фейсбук парақшасында арнайы тоқталды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат проталы.

«Баяғыда Русьті түріктер илеп тұрғанда Мәскеуде арба жөндейтін шеберлер көшесі болыпты, сол кейін Арбат аталған; енді бір тұспал: әу баста көше қисықтау болып «горбат» – «бүкір» делінген... Не құлдықты, не қисықтықты білдіретін осы атауға қазақ неге құмар болды, а? Әр қалада бір Арбат», – деп күйінеді әріптесіміз.

Оның пікірінше, алтындай жарқыраған көшені Алтынорда, Отырар, Қазақ даласы, Қазақ құты дегендей қазақтың әдемі атауларымен әспеттеуге болар еді. Сондықтан да «Ғасырдан аса Мәскеудің малайы болғаныңды еске салатын Арбат неге керек?! Бұрын Алматыда ғана еді, қазір барлық шаһар арбаттанып жатыр, Мәскеудің мини-көшірмелері...» – деп отыр автор.

Оған пікір білдірген көпшілік «Постколониальный синдром деген кесел бұл. Көңiлдерiне келсе де айтайын, бұл – құлдық қамытты жоқтаудың белгiсi», «Көңнің иісін иіскеп өскен құл көңнің иісін аңсап тұрады. Шыбын сияқты тезектің арғы-бергі жағынан кете алмайтындай», «Оның есесіне, базар – Алтынорда. Бізде бәрі керісінше емес пе?! Сөз қасиетін сезбейтін, тарихын танымайтын басшылары көп елде бәрі мүмкін» дескен.

Тек Нүсіпхан Қыстаубаев есімді желі қолданушы «Арбат арабтың рабат сөзінен шығады. Рабат деп қаланың саудагерлер топтасқан сауда орталығын, керуен сарайлар көшесін айтқан», – десе, оған Қайрат Дүйсен-Парман: «Мысалы, бұған келіспес едім. Қазақтың арбасы мен атын бұрмалаудың қажеті қанша?» – деп қарсы уәж айтқан.

Сонымен, елдегі Арбаттардың сол атаумен қала бергені жөн бе, өзгертілуі керек пе? Әйтеуір, бұл да билік пен бұқара кеңесе отырып шешетін түйін сияқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Рабат #Арбат