«Сары әулиенің» қызы Бақытгүл Исенбаеваның осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкент қаласындағы үй үшін әкесімен соттасқаны мәлім. Сол атышулы емшінің қызы енді caravan.kz-ке сұхбат беріп, әкеcімен арадағы дауға қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сотта мен жеңіске жеткен болатынмын, үйдің ақшасын алғым келген. Әкеміз «9 айдың ішінде ақша беремін» деп келіскен. Яғни, екеуміз келісіп, қағаз жүзінде уағдаласқанбыз. Мінекей, ол уақыттан кейін 4-5 жылдай өтті. Уәде етілген ешқандай ақша берілген жоқ», - дейді Бақытгүл Исенбаева.
Айтуынша, заң бойынша ол үйдің өзіне тиесілі екені анық. Енді бұл іспен арнайы сот орындаушы айналысатын болыпты. Ал сол баспана дауынан кейін, дүйім жұртқа «Сары әулие» атымен танымал, 10 әйел алған Марат қажы Исенбаевтың өзі қызымен «жезөкше болғандықтан араласпаймын» деген еді.
Бақытгүл Исенбаева ол сұхбат туралы: «Әкем әрдайым солай айтып жүреді, оған етім үйреніп қалған. Бірақ, «Мақпал мекен» деген бағдарламада айтып, ол желіде шу болды. Сол кезде айқай шығарып, әкеме хабарластым. Міңгірлеп, ештеңе айта алмады. Ол кісінің өзі шатасып қалған сияқты. Алжып, не айтқанын білмейтін. Мен кішкентай кезімде, 14-15 жастарымда шошақай болатынмын. Далада жігіттер гитарамен ән айтып тұрса, қастарында тұрып, бірге ән айтатынмын. Сол шошақайлығымнан әкем «жезөкше» деп айтатын. Сосын «тексердім» дегені – шындық. Иә, ол кісінің тексеретіні бар», - деді.