Өскеменде автобустың кондукторы жолаушыны ұрған, деп хабарлайды Today.kz, ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«14 қарашада сағат 14:24-те 30 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, 13 қарашада сағат 19:00 шамасында автобус кондукторы, шамамен 45-50 жас аралығындағы азиаттық сипаттағы әйел оны артқы жағынан жұдырығымен ұрып, осылайша оған дене жарақатын тигізгенін айтқан», - деді ПД баспасөз қызметі.
63 жастағы автобус кондукторы полиция бөліміне жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексі 107-бабының «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» атты 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.