$ 439.43  473.31  4.82

«Менің қарға болғым келіп кетті»: Өскемен тұрғыны қала экологиясына қатысты ой толғады

Суретте көріп тұрғанымыздай, «Өскемен жылу-электр орталығының» мұржасынан көк түтін будақтап жатыр.

Өскемен тұрғыны әлеуметтік желіде қала экологиясына қатысты қызықты жазба қалдырды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Суретте көріп тұрғанымыздай, «Өскемен жылу-электр орталығының» мұржасынан көк түтін будақтап жатыр. Қала көк түтіннің «тұтқынында». Қалықтап жүрген қарға да қала тұрғынының камерасына кездейсоқ түспеген сияқты. Сондай-ақ, бұл картинаның Спорт сарайының алдындағы жер үсті өткелінен түсірілгенін аңғару қиын емес.

«Мен бүгін «ғылыми жаңалық» аштым. Өткелде тұрып, УКТЭЦ мұржасынан шыққан көк түтіннің ауаны ластау деңгейін анық көруге болады. Қала тұрғындары өздері-ақ өткелден өтіп бара жатып, ауада шоғырланған газды көріп, біле алады. Осы кезде менің қарға болғым келіп кетті. Өйткені, ол биікке самғап кетіп, тыныстай алады ғой», – деп жанайқайын жеткізді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#экология