$ 494.87  520.65  4.91

Үш жыл бойы жақын құрбысының күйеуімен ойнас болып жүрген келіншек сырын ақтарды

Сүйіктіме жүкті екенімді айтқанымда, ол тек үнсіз бәрі жақсы болатынын айтты.
фото: Аlashainasy.kz
фото: Аlashainasy.kz

Құрбысының күйеуімен қарым-қатынас құрған ару көпшілікке одан жүкті болып қалғанын жеткізді. Айтуынша, ол енді бар шындықты құрбысына айтуды ойлап жүр екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ару Instagram-дағы moi_tainyi_mir парақшасында жан сырын ақтарған.

Үш жыл жан құрбысының күйеуімен кездесіп жүрген келіншек онымен ақша үшін жүрмегенін ашып айтты.

"Үш жылдан бері құрбымның күйеуімен кездесіп жүрмін. Бір-бірімізді шын сүйеміз. Алайда, ол бала-шағасын тастап кетуге дайын емес екендігін айтуда. Мен одан әйеліңді таста деп те сұрамаймын. Өз қаражатыма күн көремін. Өзім табыс табамын, пәтерім де бар. Сүйіктімнен ақша сұрамаймын. Жақында аяғымның ауыр екенін білдім. Не істерімді білмей қалдым. Менің құрбым жүрген жерінде басы бос жігіттерді көрсе, мені айттыра бастайды. Күйеуінің ту сыртынан не істеп жүргенін де білмейді. Жағдайды қалай шешу керек екенін білмей қалдым. Баладан және қазіргі қарым-қатынастарымнан бас тартқым келмейді.

Сүйіктіме жүкті екенімді айтқанымда, ол тек үнсіз бәрі жақсы болатынын айтты. Содан кейін әңгіме бітті. Құрбыммен сөйлессем бе деймін", - деп ағынан жарылды келіншек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары