$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде полиция мастарды үйіне тегін жеткізіп жатыр

Полиция қызметкерлері медициналық тексеруден өтіп болғандарын үйіне өздері апарып тастауда. Дегенмен қолға түскендердің әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынатынын айтады.
Фото: google.ru
Фото: google.ru

Өскеменде полиция қызметкерлері ішімдікке сылқия тойғандарды үйлеріне тегін жеткізіп тастауға мәжбүр. Тіпті жақындарының қолына табыстап кетеді екен. Өйткені шаһардағы айықтыру мекемесінде бос орын жоқ,-деп хабарлады SkifNews ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Бейбіт Мұсақанов, Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының рота командирі: - Мас күйінде көше, қоғамдық орындардан табылған адамдар жеткізіледі. Орталықта орын болмаған жағдайда үйіне апарамыз.

Жергілікті айықтырғыш 20 адамға ғана арналған. Күніне ішімдік ішкен 90 адам жеткізіледі. Сонымен қатар, отбасынан қашып есін жинауға өздері келетіндер де бар көрінеді. Бірақ олардың бәрін қамап, жақындарының келуін тосып отыруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан полиция қызметкерлері медициналық тексеруден өтіп болғандарын үйіне өздері апарып тастауда. Дегенмен  қолға түскендердің әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынатынын айтады. Бірінші рет ішімдік ішіп ұсталғандарға – 5 мың теңге, ал екінші рет қайталағандар 10 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары