$ 494.87  520.65  4.91

«Камасутраны тәпсірлеп отырсам, таң қалмаңыз»: танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы тұрмыс құратынын мәлімдеді

"Әбішев ісі" жақсы аяқталса, бәрін қойып, сұлулық салондарынан суретімді жариялап, тек күйеуге шығу туралы, бала табу туралы, күйеудің бабын табу туралы посттар жазатын боламын.
Фото: С. Әбілдаханқызының жеке парақшасынан
Фото: С. Әбілдаханқызының жеке парақшасынан

Көпшілікке «Ақжүніс» бағдарламасы арқылы таныс, белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook-парақшасында тұрмыс құратынын мәлімдеді. Сондай-ақ Айнұр Тұрсынбаеваның тренингіне қатысып, камасутраны "тәпсірлейтінін" айтты. 

Бүгін маған "әлі жассың, әдемісің, неге тұрмысқа шықпайсың?.." деушілер әдеттегіден бес есе көбейді. Расында, бұл дұрыс ақыл екен.

"Әбішев ісі" жақсы аяқталса, бәрін қойып, сұлулық салондарынан суретімді жариялап, тек күйеуге шығу туралы, бала табу туралы, күйеудің бабын табу туралы посттар жазатын боламын. Тіпті, Айнұрлардың тренингіне қатысып, "Камасутраны" тәпсірлеп отырсам, таң қалмаңыздар. Яғни, менің күйеу іздеуім, күйеуге шығуым әуелі Құдайға, сосын судья Мекемтасқа байланысты боп тұр.

"Әбішев ісін" Мекемтас махаббатым ойдағыдай аяқтамаса, онда бұрынғыдан да бес есе "көкбет" боп кететін шығармын. "Көкбет болсаң да үйленем" дейтін жүрек жұтқан жігіт жоғы анық. Сіздер жеңгетай боп, көмектеспесеңіздер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары