Қостандайда жедел-іздестіру шарасы барасында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастады деп күдіктелуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ alau.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде Қостанай қаласының 26 жастағы тұрғыны тұтқындалған.
"Іс Қылмыстық кодекстің 100-ші (Жаңа туған сәбиді өз анасы өлтіру) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабардар етті полицияның баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі аталған бап бойынша күдікті төрт немесе одан көп жылға бас бостандығынын шектелуі немесе айырылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 23 қараша күні Қостанайда қоқыс жәшіктерінің бірінен сәбидің өлі денесі табылған болатын. Бірден оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бұл жайттың Аэропорт ықшамауданында орын алғанын анықтаған. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайны анықтау үшін үй қасында орналасқан аулаларды аралап, жергілікті тұрғындардан жауап алуға жіті кірісіп кеткен еді. Сонымен қатар күдіктіні іздестіру жұмыстары да қолға алынған болатын.