$ 448.89  477.93  4.76

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы. Нені білу керек?

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргісінен өзгешелігі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек кешенді болып, үш түрлі мемлекеттік қолдауды біріктіріп отыр.

Атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай көмек.

Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы іске аспақ. Осы тұста азаматтар тарапынан «Жаңа жүйеге көшуден қандай нәтижелер күтіледі? Оның қолданыстағы әлеуметтік көмектерден айырмашылығы неде?» деген сауалдардың туындайтыны рас, деп хабарлайды Sn.kz, Шымкент қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргісінен өзгешелігі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек кешенді болып, үш түрлі мемлекеттік қолдауды біріктіріп отыр. Олар – атаулы әлеуметтік көмек төлемі, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу (бос жұмыс орындарына жолдау, тұруына, жол жүрісіне, біржолғы ыстық тамағына (техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім алған жағдайда) шығыстарды өтей отырып, оқуға жіберу және мемлекет есебінен шәкіртақы төлеу, мемлекет есебінен еңбекақысын субсидиялай отырып, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жіберу, жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге микрокредит беру), мұқтаж жандарға мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету. Қызметтерді үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар көрсете алады. Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға қолдау көрсете отырып, кедейшілік шегінен шығаруды кешенді түрде қарастырады.

Ал жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мүмкіндіктері шектеулі адамадардың немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі балалары бар жалғызбасты ана) көрсетілетін болады. Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндетті емес.

Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады. Оның өзіндік шарты бар. Яғни, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы тиіс. Әлеуметтік келісім-шартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады.

Әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары