$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте Неке сарайы салынуы мүмкін

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында мемлекеттік неке сарайы жоқ. Тек жекеменшік ғимараттар бар. Олар неке қию рәсімдерін ақылы түрде жүргізеді және ғимаратты жалға береді.

АХАТ бөлімінде алты ғана мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Шымкент қаласында бірде-бір мемлекеттік неке сарайы салынбаған. АХАТ бөлімі бұл туралы ұсынып жасап отыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл туралы бүгінгі АХАТ бөлімінің атқарған жұмыстары бойынша өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы мәлімдеді. 

«Қазіргі уақытта Шымкент қаласында мемлекеттік неке сарайы жоқ. Тек жекеменшік ғимараттар бар. Олар неке қию рәсімдерін ақылы түрде жүргізеді және ғимаратты жалға береді. Ал некені тегін рәсімдеу АХАТ бөлімінің кеңсесінде ғана жүзеге асады. Біз бұл мәселені бірнеше рет көтердік. Алдағы уақытта шешу үшін тағы да жұмыстар жүргіземіз», - деді Нұрғали Қуандықұлы. 

Сондай-ақ, Егембердиев Нұрғали қалалық АХАТ бөлімінде алты ғана мемлекеттік қызметкер жұмыс істейтінін және Шымкент қаласындағы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметін толық қамтамасыз етуге жұмыс күші жеткіліксіз екенін айтты. Тиісінше, аталған мәселені шешу үшін алты мемлекеттік қызметкердің қасына келісімшартты және қоғамдық қызметкерлер жұмысқа алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#неке