20.12.2019, 10:30

«Мұнайлы астана» алаңға 2017 жылғы шыршаны үшінші рет орнатпақ

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік шаралар 31 желтоқсанда Исатай-Махамбет алаңында өтеді.

Атырау облысы алаңға 2017 жылғы шыршаны қайта қоймақ, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл Атырауда шырша Исатай-Махамбет және Д. Нұрпейсова атындағы алаңда, Нұрсая және Балықшы ықшам ауданында, М. Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры мен Құрманғазы мәдениет сарайының алдына орнатылатын болады.

"Қаланың көркін келтіру мақсатында тұрғындар көп шоғырланған жерлерге кіші архитектуралық кескіндер орнатылады. Жалпы, қаланы жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 18 миллион теңге бөлінді", - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, биыл жергілікті билік жаңа жылдық шыршаны сатып алудан бас тартты. Орталық алаңға 2017 жылдың соңында алынған жаңа жылдық шырша үшінші рет орнатылады.

Тегтер: Атырау шырша