$ 441.66  475.14  4.86

Аяз атаның қалпағын киген автобустар тұрғындарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап жүр

Жүргізушілер автобустардың жаңа жылдық безендірілуіне арналған сайысқа қатысып жатыр.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Павлодарда қалпақ киген автобус пайда болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Киім тігетін шеберлер автобусқа Аяз атаның бас киімін арнайы бонус ретінде тігіп берген екен. Қазір №10, 21 маршруты қала маңындағы ауылдарға жүреді.

Бұл бастама автобус жүргізушілеріне арналған жаңажылдық безендіру сайысы аясында жүріп жатыр. Байқаудың нәтижесі 28 желтоқсанда шығады. Байқау ұйымдастырушылары тұрғындар мен әлеуметтік желілерде жазылған пікірлерді де ескереді.

"Біздің компанияда автобустардың жаңа жылдық безендірілуіне арналған байқау өтеді. Жеңімпазға ақшалай сыйақы беріледі", – деді №1 автопарктің директоры Вадим Ковальчук.

Павлодардағы бұл сайыстың бастыш шарты - автобус жүргізушілері мен кондукторлар көлікті өздері безендіруі тиіс екен. Бір автобус жарықдиодты жолақтармен жарықтандырған, енді бір автобустың терезелеріне шырша бейнеленген суреттер салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары