$ 494.87  520.65  4.91

«Бақытымызды ажал әкетті»: сүйіктісімен жақындасып қойған бойжеткен тұрмысқа шығудан қорқып жүр

"Екі рет құда түсіп кетті. Ата-анам "жақсы жандар екен, тұрмысқа шық" деп жатыр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Махабббаттан басып айналып, некесі қиылмастан тойға дейін сүйіктісімен жатып қойған қыз алдағы уақытта басқа жігітке қалай тұрмысқа шығарын білмейді. Себебі қорқады. Өйткені оның үйленеміз деп сөзбайласқан жігіті тойға дейін аяқ астынан қаза тапқан. Басынан өткен қиындықты туралы Instagram желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасына жазған аруға көптің кеңесі керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Мәселесін шеше алмай, жігітінен айырылып қалған арудың мұндай күйге түсуіне жігітінің жолдастары кінәлі көрінеді. Себебі, оның тұрмысқа шығамын деп жүрген сүйіктісін жігітінің жолдастары пышақтап өлтірген.

"Ол "енді 18-ге толдың, үйленеміз" деп жүрген еді. Ата-анасымен де танысқанмын. Бірге жақын қарым-қатынаста болған едік, қыздығым жоқ. Жігітімнің қайтыс болғанына қатты өкінемін. "Барлығы жақсы болады" деген бақытымызды ажал әкетті. Одан айырылып қалғанда қатты қиналдым",- деп  жан сырын ақтарды мұңды ару.

 Бұрынғы жігітін ұмыта алмай дал болып жүрген оның үйіне құда түсіп келушілер көп. Бірақ ол басқа біреуге тұрмысқа шығудан қорқады.

"Екі рет құда түсіп кетті. Ата-анам "жақсы жандар екен, тұрмысқа шық" деп жатыр. Бірақ, мен біріншіден жігітімді ұмыта алмаймын. Екіншіден, қыз емеспін. Оны өзімнен басқа ешкім білмейді. Болашағымды ойласам, күндіз-түні жылаймын. Үйге де сыймаймын, ата-анама қарауға ұялып, қиналып кеттім",- деп етігін жасқа толтырған бойжеткеннің  бақытты өмірден үміт үзгісі жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары