Арман Қасымов — он жылдан астам уақыт бойы жедел жәрдемде ерікті болып жұмыс істейді. Азаматтың медицина саласына, қызметтің осы түріне деген қызығушылығы басынан өткен оқиғадан кейін оянған, деп жазады Stan.kz.
Арман Қасымовтың негізгі мамандығы — қаржыгер. Ол мұнай саласында вахталық әдіспен жұмыс істейді: бір ай қызметте болса, бір ай демалыста. Бірақ, 2008 жылдан бастап қазақстандық жігіт демалысқа арналған әрбір айын жедел жәрдемде ерікті болып жұмыс істеуге арнайды. Арман Қасымов осыдан 11 жыл бұрын еріктінің қызметіне кіріскенде бар болғаны 18 жаста еді.
"Неліктен басқа салада емес, жедел жәрдемде ерікті болып істейсіз?" деген сұраққа Арман Қасымов бұл ойдың бір оқиғадан туғанын айтып жауап берді.
"Елім үшін мен не істедім?" - деп жүз ойланған Қасымов, Қазақстанға еңбегі сінген азамат атануды көздеген екен. Алайда, уақыт өте келе қазақстандық жігіт ойы мен мақсатын ұмытып, күйбең тіршілікке беріліп кетеді.
Күндердің бір күнінде апасы ауырып қалғанда ол бір емес, бірнеше сағаттан кейін келген дәрігерлерге қатты таңғалады. Ақ халаттылар оның "Қайда жүрсіздер?" деген сұрағына жаттап алғандарын айтып берген. Ертесі күні азамат жедел жәрдемнің бас дәрігерімен кездесіп, әріптестерінің неліктен баяу жұмыс істейтінін сұрайды. Өз кезегінде бас дәрігер мұны мамандар санының жетіспеуімен түсіндерді.
"Мен оған жедел жәрдемшілер істейтін дүниелерді жасай алатынымды айттым. Жуып, тазалап, бірнәрсені жинағанда тұрған не бар? Бәрін бос уақытымда өзім жасаймын деп едім. Бас дәрігер жалақының болмайтынын айтты. Ал мен оған ақшаның керек еместігін, өз жалақымның бар екенін, бір ай жұмыс істеп, бір ай демалатынымды түсіндірдім. Менің ҰҚК өкілі емес екенімді түсінген дәрігер келісімін берді", - дейді ерікті БАҚ-қа берген сұхбаттарында.
Он жылдан астам уақыт бойы игі іспен айналысып жүрген азамат дәрігерлер мен адамдарға көмегі тиюі үшін наразылық танытпай еңбектеніп келеді. Туысқандары мен жақындары оның бұл бастамасын қолдамайды.
Қасымовтың ерікті ретінде атқаратын жұмысы төзімділікті, сабырлылықты, жылдамдықты талап етеді.
Алғашқы кезде Қасымовтың міндеттеріне: бригадаға шықпай тұрып, тізім бойынша барлық құрал-саймандардың бар-жоғын мұқият тексеру, адамды жатқызу үшін көліктен зембелді алып келу, көлікті тазалау кіретін. Қазіргі уақытта Арман санитар және мейіргер дәрежесін иеленген.
Арман Қасымов әлеуметтік желіде өз қызметі туралы жазба қалдырып, 300 адамның жедел жәрдем қызметінің еріктісі атануына түрткі болды.
Ерікті Қасымов — жалпыұлттық Birgemiz: Saýlyq жобасының амбассадоры. Ол жеткен жетістігімен тоқталып қалуды көздемейді. Медициналық білім беру мекемесіне оқуға түсіп, жақын арада дәрігер атанбақ.