Қазақстанда тұрмыстық жанжалдар туралы заңға енгізілетін түзетулер қызу талқылануда. 27 желтоқсанда президент тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заңға қол қойғанын білесіздер!
Құқық қорғаушылар заң қазір үйленген әйелдерге қарсы жұмыс істеп жатқанына сенімді. Енді жаңа заң бойынша үйде қол жұмсаған еркектер жазаланбайды. Дәл осы өзгеріс көптеген қыз-келіншектердің көзқарасынша "заңның томпақ тұсы" көрінеді. Бұл орайда, әлеуметтік желіде ойын еркін жеткізіп жүрген журналист Динар Нахыпбек, "Жігіттерге қол көтеруге рұқсат беретін заң да қажет" деп көпшілікті елеңдетіп қойды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Жігіттердің ұсақталып бара жатқанына қарны ашатынын жеткізген жас журналист әлсіз еркектерді көргенде нұқып алғысы келіп тұратынын жасырмады.
"Мінезсіз, өзіне сенімсіз, ұсақ жігіттер көбейген. Көрген жерде желкесінен нұқып-нұқып жіберіп, жылаған соң барып аямай соққымыз келіп тұратыны рас. Қысқасы, жігіттерге қол көтеруге рұқсат беретін заң да қажет бізге. Рахмет!", - деп facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырған оның бұл ұсынысына оқырмандары үнсіз қалған жоқ.
Мәселен, "Мақтамен сойып, сағызбен қылқындыр", "Ұрып жіберсеңіз сол жігіт "мені ұрды" деп шағымданбайтын болар", "Дұрыс айтасың!", "Әйелінен таяқ жеп, шағым түсіретіндер бар екен. Тұрмыстық зомбылық", "Посттан сондайдың болашақ иісі аңқып тұр", "Заңда "әйелі" демеген, "жұбайы" деген. Ерге шығып ал да сабай бер... Жалпы, қоймастан кек алуыңа болады", "Жігіт емес сен жылап алғансың-ау!? Көзге не болған?", Тіпті, Томирис, Томирис деген сайын", "Қолдаймын. Таспен ұратын", "Былғары қамшымен сабайтын болсаң сенен қамшы жеуге дайынмын", "Әйелдің еркекке қол көтергенін дұрыс көресің бе?", - деген секілді ойларын жазба астына қалдырды.
Айта кетейік, Қазақстанда әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық көргені туралы "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының көшбасшысы Дина Смаилова жиі мәселе көтеріп жүр.