$ 494.87  520.65  4.91

Семей ауруханасында науқастар жерге төселген картон қағазға ұйықтап, ем алып жүр

Жергілікті денсаулық сақтау мамандары жазбаша жауап қайтарумен шектелді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Семейде білдей бір аурухананың төсек-орындарының әбден тозығы жеткен. Ем-дом қабылдап жатқан науқастар матрастың астына картон қағаз төсеуге мәжбүр болғанын айтады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

"Мұндағы кереуетте жатып ұйықтау мүмкін емес. Міне, осындай «лайфхак» – темірлері жамбасымызға батпасын деп ойлап таптық. Матрастары жұп-жұқа", - деп жазылған жазбада.

Аурухананың кереуеті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралуда. Темір төсектің тозып, матрастың жұқарып кеткені айтылған. Қазір бұл видео жұрт арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Бірі ауруханаға түскенде өзімен бірге төсек-орнын апаратынын, енді бірі  шаһардағы ауруханалардың төсектерін «жаңарту керек» екенін жазған. Жергілікті денсаулық сақтау мамандары жазбаша жауап қайтарумен шектелді. Олар темір кереуеттердің екі жылдай бұрын жаңартылғанын айтып ақталған. 

"Атап өтейік, бұл – бір жарым жыл ішіндегі бірінші шағым. Төсеніш мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сай алынды. Және де биыл ішінара жаңалау жоспарланып отыр. Сондай-ақ мәселе науқастармен ашық әңгімелесу арқылы шешілді. Олардың ем-дом жүргізетін қызметкерлерге тағар міні жоқ", - деді Семей қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Ержан Шәмшин. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары