$ 444.22  476.38  4.82

Атырауда кәріз құдығының жанынан табылған сәбиді қалай асырап алуға болады?

Атырау қаласының білім басқармасы қызды төмендегі критерийлер бойынша асырап алуға болатындығын түсіндірді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Кәріз құдығының жанына жаңа туған сәбиін тастап кеткен "көкек ананың" әрекеті қазақстандықтарды алаңдатпай қоймады. Қатты тоңған сәби жылаған дауысты естіген әйелдің арқасында ауруханаға жеткізілді. Реаниматолог дәрігер қыз балаға Ұлдана есімін қойып, өзінің тегін берген болатын. Кейіннен баланы тастаған әйелдің оралдық екені анықталды.

Қазір Ұлдана Атырау қаласындағы балалар үйінде. "Мой город" басылымының мәліметінше, редакцияға хабарласып, тастанды қызды асырап алуға ниетті екендерін айтатындар көбейіпті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау қаласының білім басқармасы қызды төмендегі критерийлер бойынша асырап алуға болатындығын түсіндірді.

Бала асырап алуға шешім қабылдаған отбасы алдымен қамқоршылық органына өтініш беріп, қажетті құжаттарды жинауы керек: 

- туыстарының және өтініш берушінің жұбайының келісімі. 

Содан кейін ерлі-зайыптылар толық медициналық тексерістен өтіп, табысы туралы анықтама, жұмысынан анықтама, сотталмағаны туралы анықтама және наркодиспансерден анықтама алуы керек.

Бұл құжаттарды сканерлеп, халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беру қажет. Содан кейін бұл өтініш қамқор көрсететін органға келіп түседі, олар жанұяның баланы асырай алатын материалдық-моральдық жағдайын тексеріп, акт толтырады. Бұл құжаттарРМА электрондық мәліметтер базасына түседі. Отбасы бала асырап алуға кезекке тұрады және оны бақылап отыруға электронды кілт алады», - дейді Атырау қаласы білім бөлімінің қамқоршылық органдарының бас маманы Зарина Абдрахманова.

Айта кету керек, қазір бала асырап алу кезегі еліміз бойынша бір тізімге тіркеледі. Яғни, баланы басқа қаланың азаматтары асырап алуы да мүмкін.

Егер биологиялық ата-аналасы ресми түрде баладан бас тартқан жағдайда, бала асырап алуға өзгелер үшін мүмкіндік ашылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары