$ 444.32  473.33  4.76

Маңғыстаулық мұғалім оқушыларға кітап лақтырғаны үшін жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)

Белгілі болғандай, оқиға Шерқала ауылындағы №11 мектепте болған (Маңғыстау-4).

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында мұғалімнің сабақ түсіндірудегі ерекше әдісі видеоға түсіп қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға Шерқала ауылындағы №11 мектепте болған (Маңғыстау-4).

Мұнайлы аудандық білім бөлімі оқиғадан кейін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

«Мұғалімнің ерсі әрекеті бүгін аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады. Бұл іс білім бөлімінің бақылауына алынды», - деп мәлімдеді аудандық білім бөлімінің өкілі.

Басылымның мәліметінше, Маңғыстау мұғалімінің балаларға кітап лақтырған видеосы желіде пайда болды. Оқиға 23 қаңтарда болған.

Бұған дейін 22 қаңтарда Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде оқыс оқиға орын алды деп хабарланған болатын. №1орта мектепте оқитын оқушының анасы «мұғалім қызымның бетіне түкірді» деп айыптап отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары