$ 444.22  476.38  4.82

Мандариннен «табылған» алтын немесе қарапайым мұғалім бүтін ауылды «алдап соқты» (ВИДЕО)

Жергілікті мұғалім Баян Исабаеваның әзілге толы видеосын көрген Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сепе ауылының тұрғындары мандарин алуға дүкенге ағылып жатыр.

Жергілікті мұғалім Баян Исабаеваның әзілге толы видеосын көрген Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сепе ауылының тұрғындары мандарин алуға дүкенге ағылып жатыр. Олар жемістерден алтын іздеп жүр, деп хабарлайды BaigeNews.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен WhatsApp мессенджеріндегі әпкелерім отырған топқа «мандариннің ішінен алтын сақина шықты» деп әзіл видео түсіріп жібердім. Олар сенбесе де, әріптестері мен көршілерін алдауға көшкен. Видео осылайша барлығына тарап кетті. Мен ауылдың, шынымен де, маған сеніп, өтірік боп шыққан соң, ренжіп қалатындарын қайдан білейін», - деді әйел агенттік өкіліне.

Мандариннен алтын «тапқан» Баян Исабаева, шын тауып алған кейіп танытып, оның пробасын зерттеп кетеді. Бірақ «табылған» сақина алтын емес, ұлттық кальттан жасалған еді. 

«Бір мезетте телефоныма тыным болмай кетті. Тіпті ауыл әкімі де хабарласты. Пранкті менің ұйымдастырғаныма ешкім сенбеді. «Мұғалім өтірік айтпайды» деген түсінікте қабылдаған сияқты. Кейіннен оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң, сақинаны мандаринге қалай салғаным туралы лайфхак түсірдім», - деп күлді Баян Исабаева.

Осы сәтте видео ауыл адамдарынан әрі тарап, тіпті блогерлердің Instagram-парақшасынан бір-ақ шығыпты.

«Әрине, пранк жүзеге асты. Бірақ кішкене көңілім түсіп қалды. Әттең, бұл жай ғана ойын ғой. Осындай ғажайыпқа сенгіміз келеді. Енді бұлай ойнамайтын болып шештім», - деп аяқтады сөзін мұғалім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мұғалім